Арлы адамның бәрi қазiр жаралы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Арлы адамның бәрi қазiр жаралы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 608
Лебен Садуақасовқа

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы –
Қорықпаған қара деуге қараны,
Қорықпаған жала деуге жаланы
арлы адамның бәрi қазiр жаралы.
Жаралы ғой,
жаралы ғой,
жаралы! –
тасқа тиген маңдайы мен тауаны,
шоққа күйген шыжғырылып табаны,
арлы адамның бәрi қазiр жаралы.
Сұрапыл ғой –
мына заман ағымы.
Сұрапыл ғой –
мына заман дауылы.
Көре-көре бауырларын адасқан
арлы адамның езiледi бауыры.
Шайқалғандай тiршiлiктiң тiрегi,
сұп-сұр қазiр дүниенiң реңi.
Көре-көре жүрегi жоқ жандарды
арлы адамның тiлiм-тiлiм жүрегi.
Дүниенiң тұла бойы сырқырап,
Уақыттың шаңы шыққан бұрқырап.
Көре-көре
жаны күймес жандарды
арлы адамның жаны тұр ғой шырқырап.
Ойлай-ойлай –
қала менен даланы,
Ойлай-ойлай –
көне менен жаңаны,
ойлай-ойлай –
кәрi менен баланы,
күндiз-түнi жан жүрегi жылаған,
арлы адамның бәрi қазiр жаралы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері