Бұл бетте «Ынжық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.
Тұрамын ғой шыдамай,
от шарпиды дененi.
Ынжық деген, құдай-ай,
неткен қансыз жан едi!
Неткен сорлы мұншама!
Құлатады туыңды! –
Үндемейдi
құйса да
төбесiне жуынды.
Сүмiрейiп тұрғаны
салса да әкеп табанға –
Жүресiң ғой жынданып
ынжық осы адамға.
Күйесiң де жанасың
бүгiлсе де, бұқса да –
үндемейдi,
қарашы,
басын күлге тықса да.
Жiбердiң деп есеңдi
Ызаланам,
кiжiнем! –
тепсем бе екен осы ендi
«ыңқ» еткiзiп iшiнен!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі