Бұл бетте «Сексеуіл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеште таулар түтіндеп,
Соқты құйын аптығып.
Құм даланы түтіп жеп,
Аш бөрідей жатты ұлып.
Алақ-жұлақ жүгіріп,
Жалғыз өзі жолда ойнап.
Жерден құмды суырып,
Қуалады жолға айдап.
Тілсіз жауға жаланған,
Төтеп беріп кеште бұл.
Жолды сақтап бораннан,
Қалды қалың сексеуіл.
Еккен оны түркімен
Қоймаған соң құм қаптап.
Жолды апат-бүліктен,
Сексеуілдер тұр сақтап.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі