Батырлыққа тілек – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Батырлыққа тілек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 633
Өлсең де – өзiңдi емес! –
Елiңдi ойлап
Күйiктен өлсең ғой.
Өлiп бара жатып та
Жауыңды мұқатып
Биiктеп өлсең ғой.
Оң қолың кесiлсе,
Сол қолыңмен
Шабысып өлсең ғой.
Қажымұрат секiлдi
Оқ тескен жерiңе
Мақта тығып
Алысып өлсең ғой.
Байлап қойса да
Жұлқынып өлсең ғой.
Ақ қарға ақтарылған
Iшек-қарныңды
Қайтадан iшiңе салып –
Нарсұтбай секiлдi
Ұмтылып өлсең ғой.
Айтарыңды айтып
Жауыңның бетiн
Тiлiп өлсең ғой.
Найзаларға шаншып
Көтерген кезде де –
Мен сендерден биiкпiн деп! –
Кенесары секiлдi
Күлiп өлсең ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батырлыққа тілек өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Батырлыққа тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батырлыққа тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батырлыққа тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері