Құдайдың ұрғаны-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құдайдың ұрғаны-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 994
«Ешкiнi апа,
Текенi жезде» дегiзген
Замандар болған.
Қоңыздай тоңқаңдап,
Доңыздай қорсылдап кеткен
Адамдар болған.
Сұмпайылар атқа,
Сұмырайлар таққа отырған
Кезеңдер өткен.
Елiмдi жемтiкке балап
Ит-құсқа тастаған
Көсемдер өткен.
Iнiсi ағасының
Жағасынан алған,
Әкесi баласының
Жаласына қалған
Мезгiлдер туған.
Ұлықтың дәретiне
Бас киiмiн
Тосатындар шыққан.
Төбеттей боп тұрып
Шәуiлдеген қанденнен
Қашатындар шыққан.
Сол заманнан
Зорға құтылғанда, –
Әне бiр шотмаңдайдың
Миына құрт түскен
Азбан қошқардай
Өткенiн аңсап
Маңырап тұрғаны-ай.
Әне бiр шәлтiктiң
Тентек щөп жеген
Текешiк құсап
Батысқа қарап бақылдап
Зарлап тұрғаны-ай...
Құдайдың ұрғаны-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайдың ұрғаны-ай! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құдайдың ұрғаны-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайдың ұрғаны-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайдың ұрғаны-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері