Тағы да саған

Бұл бетте «Тағы да саған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 646
Бiз екеумiз –
кейде көзсiз батырмыз,
бiз екеумiз –
кейде сорлы, пақырмыз!..
Жетемiз деп бiрiмiзге бiрiмiз,
қарсы қарай жүрiп келе жатырмыз.
Жетемiз деп бiрiмiзге бiрiмiз
өттi қанша аймен жылдар, күнiмiз.
Өттi қанша ұйқысыз сан түнiмiз
жетемiз деп бiрiмiзге бiрiмiз.
Екеумiз! – деп жар салдық бiз баршаға.
дедiк сонсоң жүректерге:
шаршама!
Жетемiз деп бiрiмiзге бiрiмiз
сар даланы кешiп өттiк қаншама,
сан қаланы кесiп өттiк қаншама.
Менен басқа есiм түспей есiңе
сен де iлестiң бұлттардың көшiне!
Сенен басқа есiм түспей есiме
мен де iлестiм бұлттардың көшiне.
Өтсе-дағы арамыздан сел жүрiп,
өтсе-дағы арамыздан сең жүрiп
Саған қарай келемiн ғой мен жүрiп,
маған қарай келесiң ғой сен жүрiп.
Былай жинап қойып бiздер жыр, әндi
өткiздiк сан басымыздан ылаңды...
Жетемiз деп бiрiмiзге-бiрiмiз
көктей өттiк қаншама боз тұманды.
Бiр-бiрiне құшақ ашып денемiз,
бiр-бiрiне қарсы жүрдi кемемiз.
Сондадағы бiрiмiзге-бiрiмiз
әлi күнге жете алмастан келемiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да саған өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тағы да саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері