Алапат бiр күш бұрқанған

Бұл бетте «Алапат бiр күш бұрқанған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 710
Алапат бiр күш бұрқанған
бойымды келiп кергенде –
болады бейне алып бiр
бәйтерек өсiп тұрғандай
менiң кеудемде.
Үн алып шығар тулаған
жататын тасып ағыны, –
шырмаған тұла бойымды
қан тамырларым да шулаған
соның тамыры.
Шығарып ойдың ел-селiн
қаншама рет аптықты.
Қызуын тартып денемнiң
үстiнде тұр ол теңселiп
мұң мен шаттықтың.
Дәнiнен үмiт, арманның
бойына ғажап күш дарып,
әуен мен сазға толтырып
сайрап тұр онда орманның
барлық құстары.
Жел соқса сыңсып ышқынып
қаншама мен де егiлдiм...
Бойында оның қуаты
туған жерiмнiң,
бойында оның ыстығы
туған жерiмнiң.
Әйтеуiр бiр күш бұрқанған
денемдi сөгiп кергенде –
болады сонда алып бiр
бәйтерек өсiп тұрғандай
менiң кеудемде.
Сенбесең не деп жазғырам
сенерсiң бiрақ көргенде –
бұрқырап өсiп шығады ол
қақ жарып жердiң астынан
менi көмгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алапат бiр күш бұрқанған өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алапат бiр күш бұрқанған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алапат бiр күш бұрқанған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алапат бiр күш бұрқанған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері