Құлаған жартас – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құлаған жартас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 679
Теңiз жағасында
Ғсырлар бойы тұрған
Жартас құлады.
Бұлттың астынан
Жел соқтырып,
Тереңнiң түбiнен
Шер соқтырып
Дүние жылады.
Қара жартас
Төзiмнiң табытындай
Судың астында
Шөгiп жатты.
Көк теңiз улап-шулап
Толқындарын –
Арқыратып-сарқыратып –
Көтерiп әкеп
Жартас-табытты
Көмiп жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері