Бізді билеп үйренгендерге – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бізді билеп үйренгендерге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Сендер бiздi
Табанға сап илегенсiңдер.
Соған үйренгенсiңдер.
Сен ендi бiлiп ал! –
Түк айта алмай
Именшiктеп
Бұққанды қойғам.
Жүзiңе қарай алмай
Төменшiктеп
Ыққанды қойғам.
Кезiнде сен
Бұтымды бұт,
Қолымды қол еттiң ғой.
Балымды желiм,
Жолымды сор еттiң ғой.
Тәуелсiзбiн!
Мен ендi зорлығыңа
Көне алмаспын.
Айтарымды айтпай
Өле алмаспын.
Мен ендi сенiмен
Бұрқыраған Атырауды
Көкiрек көңiлiме
Құйып алып сөйлесем.
Мен ендi сенiмен
Алатаудың бiр шыңын
Басыма бөрiк қып
Киiп алып сөйлесем.
Шамырқансам! –
Көңiлiмнен теңiз ақтарып
Тасқында қалдырам.
Бөрiгiмнен тас құлатып
Астында қалдырам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бізді билеп үйренгендерге өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бізді билеп үйренгендерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бізді билеп үйренгендерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бізді билеп үйренгендерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері