Қуғын-сүргін заманы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қуғын-сүргін заманы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 3242
Ұлы Далам,
Ұлы Елiмдi қуғынға салды.
Көз көрiп,
Құлақ естiмеген
Қырғынға салды.
Тұла бойын түгел тiнтiдi.
Киiздей қақты,
Тулақтай сiлкiдi.
Адамдарын
Бiрiн-бiрiне айтақтап,
Бiрiн бiрiне
Қан жоса қып қаптырды.
Бiрiн бiрiне
Мал құсап бақтырды.
Жайқалған шалғыным
Дөңкиген тасқа толды.
Елiмнiң омырауы
Қып-қызыл қанға боялып,
Етегi жасқа толды.
Құтырып алды!
Арыстарымның терiсiн –
Тiрiдей! –
Сыпырып алды.
Әруақтарымды күңiрентiп –
Аяғынан сүйреп! –
Моладан шығарды.
Неткен халық ек шыдамды?!
Көген қырқылып,
Керме мен желi үзiлдi...
Қара нарларымның –
Омақасып! –
Белi үзiлдi.
Қазанаттарымды
Қыл бұрау салып
Шырқыратты.
Сай-сүйектi сырқыратты.
Жүрмесiн деп
Табанымды тiлiп
Жылқының қылын
Қиып салды.
Басын көтермесiн деп
Мойныма құрық салды.
Сөйлемесiн деп –
Аузыма! –
Кiрдiң тасындай ап-ауыр
Құлып салды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуғын-сүргін заманы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қуғын-сүргін заманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуғын-сүргін заманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуғын-сүргін заманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері