Шопанға хат

Бұл бетте «Шопанға хат» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2068
Тірліктің науаты аз да,
Тұзы басым.
Ішінде миллионның жүзі масыл.
Жайлауда жатып алып,
Құр бекерге
Қалада тұрғандарға қызығасың.
Қосылып техника дүрмегіне,
Қырық жыл шаһарда өмір сүргеніме.
Қаланың берер едім он хауызын
Жайлаудың оймақтай-ақ бір көліне.
Досыңның бұл сөзіне тақпа кінә.
Парктің қызықпа сен көк бағына.
Қаланың берер едім он көшесін
Даланың жалғыз аяқ соқпағына.
Дұрыстап қарашы бір қыратыңа,
Жеткізген сол емес пе мұратыңа?!
Қаланың берер едім он таксиін
Даланың жер тарпыған бір атына!
Жастықтың еріп кетпей жыртағына,
Жүректі ұстаған жөн жыр табына.
Қаланың берер едім он концертін
Даланың құс сайраған бір таңына!
Бар ғой, дос, ажал деген кәрі албасты.
Кім білген:
Оралармын,
Оралмаспын!
Қаланың берер едім он сылқымын,
Жо-жо-жоқ!
Он сылқымды бере алмаспын!
Құшағын жайса шырша,
Қарағай да,
Қызығып жайлауға жұрт қарамай ма!
Әзіл ғой,
Алмай-ақ та,
Бермей-ақ та,
Жыл сайын барып тұрсам жарамай ма?!
Қымбаты қымбат шопан таяғы да,
Жылқының үйірі де,
Саяғы да.
Қаланың орны бөлек —
Бәрі қалжың —
Әйтпесе кетер ем ғой баяғыда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопанға хат өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шопанға хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопанға хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопанға хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері