Ауылдағы жесір ана – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ауылдағы жесір ана» атты Темірхан Медетбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 858
Төзген талай қиындыққа, ауырға,
Төзген талай боран менен дауылға, –
Отыр ана ошақ басын күзетiп,
Қалған жалғыз қиыр, алыс ауылда.
Келмейдi оған туысқан да, таныс та,
Бар қызығы кеткен-сынды ғарышқа!
Анда-санда жолға шығып қамығып
Ұзақ-ұзақ қарайды Ана алысқа.
Семiп қалған,
Қатып қалған қатпа боп.
Қуыс үйдi жылытатын от та жоқ.
Бiр баласы –
Жатыр оның түрмеде,
Бiр баладан –
Хабар да жоқ, хат та жоқ.
Үмiттене,
Үмiттене тұралап
Ашады ана күндiз-түнi құмалақ.
Бiр баласы –
Кеткен әйел соңынан,
Бiр баласы –
Кеткен базар қуалап.
Бұл заманның не боп кеттi құлқыны.
Ұмытқан ол қуанышты, күлкiнi.
Шүйке құсап бiр уыс боп бұрышта
Отыр ана хабар күтiп күн-түнi.
Кеткен одан мейрамың да, сайран да
Түскен оның жан-жүрегi ойранға.
Отыр ана жалғыз өзi жабығып
Бар баласын жiбергендей майданға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдағы жесір ана өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ауылдағы жесір ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылдағы жесір ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауылдағы жесір ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері