Жырым қалар қасқайып

Бұл бетте «Жырым қалар қасқайып» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асау толқын – менің албырт жастығым,
ақ маңдайын тасқа соғып, басылған.
Ақ шалыпты самайымды, рас бүгін,
ақ көбіктей жағалауда шашылған.

Бозбала сыр – айдын көлдің шалқары,
сұлулығы арнасынан артылған.
Азайыпты арманымның жауһары
қайран менің Аралымдай тартылған.

Жылдар өтіп, сұлулықтан әр тайған,
тұла бойдың күш-қуаты ортайған.
Мен өлсем де, жырым қалар қасқайып,
мың жасаған Алтайымдай қартайған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырым қалар қасқайып өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Жырым қалар қасқайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырым қалар қасқайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырым қалар қасқайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері