Қаңбақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаңбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2461
Қырда өскен қаңбақты
Кім абайлап, аңдапты.
Көк кезінде қомақты,
Секілді бір алмақты.
Жаз аптабы батады,
Қаңбақ қурап қатады.
Салмағынан айрылып,
Зырлап бара жатады.
Жел тұрса тек шамалы,
Таусылып бар амалы,
Қауқары жоқ қу қаңбақ
Кезеді кең даланы.
Табан тірер жайлы жер
Іздеп қаңбақ қайғы жер.
Ұшатынын жел біліп,
Қонатынын сай білер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңбақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қаңбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері