Қызуын тартып әр күннiң – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қызуын тартып әр күннiң» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 632
Қызуын тартып әр күннiң,
көл жатыр тұнық ойланған, –
ортасын ойып шалғынның
бетонмен төсеп қойғандай,
Қарсы ұшып қанша жерлерге
қайталап үнiн шектердiң,
қонады құстар
сол көлге –
аэродромына көктемнiң.
Қалқып бiр ашып құшағын
жуынып самал, лептерге –
қонады, қайта ұшады
кiшкене самолеттердей.
Дей бер сен мейлi желөкпе
құстарға ерек ынтықпын...
«Шаңқ» ете қалды кенеттен
дауысы зұлым мылтықтың.
Қанатын құстар сабалап
дүр етiп ұшты аспанға –
жарылыс болып
ғаламат
шашырап жатқан тастардай.
Жоғалтып сәтте шаттығын
дүрлiгiп құстар қалысты.
Қарбалас болып жатты бiр
аэродром – көл үстi.
Не күйге бiздер түстiк деп,
ұшты олар тұнық көгiме...
Тыныштық орнап
құс бiткен
қайтадан қонды көлiне.
Тiлерiм ендi тiрлiкте:
болдырма деймiн сұмдықты,
құстарды мәңгi үркiтпе,
шығарма үнiн мылтықтың.
Қасiрет, қайғы бермесiн.
Осы ойды желеп, жебермiн!
...Қарбалас бола көрмесiн
аэродромдары әлемнiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызуын тартып әр күннiң өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қызуын тартып әр күннiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызуын тартып әр күннiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызуын тартып әр күннiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері