Тұңғыш жаз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тұңғыш жаз» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 714
Зор меже жеті жылдық тұңғыш жазы
Гүліңдей қырдың қызыл ту ұстады,
Құйылтып көкірегінен дән маржанын
Тың дала күнге еркелеп тыныстады.
Көз тартып қырда қала орнағаны,
Зәулім үй, жаңа завод тұлғалары,
Көк бойлай көк жазықтан созды мойнын
Магнит алыбының домналары.
Осы бір ұлы белес кезеңдегі
Өмірдің көркіне ел безенгені
Шақырып шабытты жыр, жатыр тағы
Ойнақтап ойда, қырда өзендері...
Жайнаған жазғы дала кең өлкесі,
Жартастан көтеріліп көк еркесі
Сілкініп ұшқан бүркіт қанатының
Қалықтап жерде ойнаған көлеңкесі...
Жайлауға жайылған қой жүр сән беріп,
Құйрығы дөңгеленіп керсеңденіп,
Бұйра жүн қозылардың жұмыр жоны
Секілді түркпен, киген сенсең бөрік!
Бір дөңде маңдайынан сүртіл терін,
Атының тартып басын іркіп кейін,
Шалғынға жайып қойын тұр қарт шопан,
Қараған шың басынан бүркіттейін.

1959


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғыш жаз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Тұңғыш жаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғыш жаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұңғыш жаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері