Өсейік гүлдей қосылып – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Өсейік гүлдей қосылып» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 822
Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.
Келгеніңіз сіздердің
Кербез күздің мезгілі,
Ақ нанымен тың жердің
Күтеді қазақ ізгі елі.
Біздің Алатау биік
Сәлем алып Карпаттан,
Ауасы тұр бал құйып,
Аймағымен гүл атқан.
Сіздің келген жеріңіз
Самалы салқын Балқан тау,
Елді де біздің көріңіз,—
«Балқан да біздің барған тау!»
Балқанда қалған кешегі
Ізіне соғыс жосылып,
Өсті гүл, тағы өседі,
Өселік гүлдей қосылып.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсейік гүлдей қосылып өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Өсейік гүлдей қосылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсейік гүлдей қосылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсейік гүлдей қосылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері