Афин қызына

Бұл бетте «Афин қызына» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 843
(Байроннан)

Соқты сағат айрылар,
Афин қызы, ғафу ет!
Бас досыңның жүрегін,
Мені, яки, жаныңа ерт.
Жан-жүйемді біл менің,
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Нарттай қызыл жүзіңді,
Отты сұлу көзіңді,
Бұйра сұлу шашыңды,
Ақша маңдай қасыңды
Егей желі ақырын
(Білемін көп сүйгенін),
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Ерініңнің сүйгені раусағыңның тигені,
(Белгісі ыстық күндердің.)
Сыбдырымен гүлдердің
Жұмбақ сөзді үндердің
Лебіменен ант етем,
Жаным жанып, күйгенім,
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Афин қызы, ұмытпай
Еске ала жүр — тілегім!
Ұмытпас, жаным, мені
Афин Стамболға жүремін.
Өмірім сенсін, сүйгенім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Афин қызына өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Афин қызына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Афин қызына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Афин қызына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері