Жүрек

Бұл бетте «Жүрек» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Төбедегі жарық Күн –
Қуат көзі халықтың.
Ақ бетіңді бұлт басса,
Бағы тайған ғарыппын.
Төңкерілген көк аспан,
Жұлдыздарың жол ашқан.
Тұмшаласа сұр тұман,
Бейшарамын адасқан.
Дөңгеленіп толған Ай,
Солғын сәулең сорғалай,
Жартыласаң жасимын,
Көңілге күй орнамай.
Ашық түнде үңіліп,
Жұлдыздарға бірігіп
Кетемін де,
Кеземін...
Қойған бәрін кім іліп?!
Құстан, аңнан, масадан,
Жерден, көктен, тасадан.
Бір сәйкестік сеземін,
Қиюымен жасаған.
Тым ұзаққа телмірем,
Неткен ғажап теңдік ең?!
Жиып жалғыз шешімін,
Жүрегіме ендірем!
Салтанатты тақ құрған,
Мейлі бол сен аш-тырбаң.
Тұрады екен жауабы,
Аллаһ деген ақ нұрдан.
Алла – ұлы, бұл өктем
Шығаратын түнектен.
Барлығының бастауы,
Басталады жүректен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері