Нейлон көйлек

Бұл бетте «Нейлон көйлек» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 730
О, туған жер!
Өзіңмен
Өткен жылың сырласың
Өрекпіген сезіммен
Қош айтысып қимасың
Кетерде: аяз көзімен
Күміс қарлы шың басын
Шолды, кекке кезенген
Заводтардың тұрбасын.
Жыл жөнелді ақ қырау
Қарға бөлеп адымын,
Көйлегіндей капрон
Терешкова Валяный,...
Жолдама алған жуықта
Кремльдің залынан
Жарқын жылдың туып та
Тур жақсы айы таңынан.
Ырысы мол өткен жыл
Қоштасса да найқалып,
Дәні егіп кеткен кіл
Шығар жазда жайқалып.
Қырға келген қарыштай
Жылдардың бұл алыбы,
Тұрғандай-ақ ту ұстай
Жерге түскен жарығы.
Бұл жыл шарлап аспанды
Космосқа жол тартқандай,
Қаратаудан фосфорды
Қотарып ап жатқандай.
Кремльдің күмбезі
Спасс мұнарасына
Ақ моншағын қар септі
Ақ күмістей шашыла...
Айтсаң, шіркін, айтқандай
Ертегіден асыра
Мезгіл тоқып жатқандай
Нейлон көйлек асыға...
Қарап қарлы шоқыдан
Шолып Отан ерлерін,
Ғұламадай оқыған
Тауып асыл жер кенін,
Мезгіл таңы құлпырған
Меңзеп жеңіс күндерін
Кеннен жібек тоқыған,
Киіп нейлон көйлегін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нейлон көйлек өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Нейлон көйлек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нейлон көйлек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нейлон көйлек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері