Еліту

Бұл бетте «Еліту» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1768
Кел, құрбым, қыр басынан гүл терейік,
Гүл шоғын жібек желмен күлтелейік.
Аралап Алатаудың атырабын,
Жас қайың жапыраған бүркенейік.
Жалбызды жасыл желек жастанайық,
Жұпарын жұтайық та, мас болайық.
Жатайық өң мен түстің арасында,
Лезде бір кеткен кезде қас қарайып.
Тұрайық содан кейін балбырап бір,
Қызулы құшақтарда албырап гүл.
Махаббат масайратқан мәңгі бақ бұл,
Жырласын бар табиғат ән құрап бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еліту өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Еліту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еліту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еліту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері