Құм қызының жүзімі

Бұл бетте «Құм қызының жүзімі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 689
Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.
Жүзім бағын осындай
Копетдағы төсінде
Көргем, бармақ басындай
Миуасы бал есімде...
Таңырқатқан көргенді
Бағы еді ол ферюза,
Құмнан көріп соны енді,
Болды жаным риза.
Жасыл жүзім үлбіреп,
Көк маржандай тізіліп,
Қыз көзіндей мөлдіреп,
Көрінді, кеттім қызығып.
Сол жап-жасыл жүзімді
Жинап жатты қыз тобы,
Көзіме сонда сезілді
Жүзім көз бүкіл қыз толы.
Осы қыздар көзінің
Бояуындай көк мөлдір,
Сүйді ерінім жүзімін,
Секілді өзін өпкен бір.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құм қызының жүзімі өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Құм қызының жүзімі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құм қызының жүзімі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құм қызының жүзімі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері