Қара теңіз

Бұл бетте «Қара теңіз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 899
Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.
Таудың биік оқ шыңы
Бұлт қанатын игендей,
Екі иыққа топшылы
Қара бурка кигендей! –
Қарайды кеп түксиіп,
Қабақ түйе биіктен,
Суға, тауға тіксініп
Отырмын көз тігіп мен.
Бесігіне көк теңіз
Толқындарын бөлеген,
Теңізді жыр етсеңіз,
Мұның өзі көп өлең.
Бірде түптеп дем алып,
Соғып теңіз бүйірін,
Бірде тоқсан толғанып
Қуып толқын үйірін, –
Қаптайды көк жойқыны
Маған қарай аққандай
Бүкіл теңіз толқыны
Көшіп келе жатқандай!..
Туғам мен де толқыннан,
Көшсең, көшіп кел, толқын!
Жүрегіме бұлқынған
Өлең болып ен, толқын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара теңіз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қара теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері