Қысқы серуенде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қысқы серуенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 578
Маң-маң басқан
Бір кісінің жетегінен
Кішкентай ит көрдім:
Алматыда мұндайдың
Не түрі бар.
Әлгі қанденнің
Үстінде —
Қымбат камзол,
Аяғында етігі бар.
(О, жаратқан құдірет!
Итке көрсетілген
Бұл неткен құрмет?!)
Осы сұраққа жауап таба алмай
Жан- жүрек
Сансырап тұр.
Алтын жалатқан
Шынжыры
Көздің жауын ап
Жарқырап тұр.
Құдай- ау,
Адамға емес,
Итке көрсетілген
Мұндай
Құрметті көргенше
Өлсең нетеді?!
... “Митингіге” жиналып
Жатыр деп қорқа ма
Үйсіз, күйсіз
Бір топ қаңғыбас иттерге
Әлгі қанден
Шәу- шәу етеді.
Дауысы қандай ащы!
Кісәпірдің
Жағымсыз естілер
Үкімі секілді.
... Осы бір ит
Биліктің жетегіндегі
“Зиялы қауымның”
Шәуілдеп үретін
Өкілі секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы серуенде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қысқы серуенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы серуенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы серуенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері