Жауабын сізге қалдырдым – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жауабын сізге қалдырдым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Бәріміз білеміз:
“Шеше көрген тон пішеді.
Әке көрген оқ жонады”,
Көсілген көсемді,
Шешілген шешенді
Көрген балаңыз
Ертең- ақ топ жарады.
Жердің сырын,
Елдің мұңын ұғатын
Зерек балаңыз
Өзгеден
Артып тумас па?!
Желмен жарысқан
Құлыншақтармен
Ойнап өскен ұланың
Ертең- ақ
Қазанаттардай
Қара жеріңізді
Айырардай болып
Тарпып тұрмас па?!
Ал бірақ
Жаттан келгендей боп
Өз елінен
Іргесін аулақ салатын
Безбүйрек үйге
Кім кіріп,
Кім қонбақ?!
Әкесі доңыз бағып,
Есіл- дерті жеу болған
Торайлармен
Ойнап өскен балаңыз
Өскенде кім болмақ?
Жауабын сізге қалдырдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауабын сізге қалдырдым өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жауабын сізге қалдырдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауабын сізге қалдырдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауабын сізге қалдырдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері