Жарыстар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жарыстар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 669
Дәл қазір
Дос-жаран, танысың да,
Жақының, алысың да
Мына дүниені
Ала шапқын етіп
Бұттары божып,
Шаттары айырылып
Жарысуда!
Жарысуда!
Бірін-бірі
Ала алмай алысуда.
Бірін-бірі
Шала алмай қарысуда...
Иттер де жарысуда,
Киттер де жарысуда.
Шудалары желкілдеп
Түйелер де жарысуда.
Қарындары шермиіп
Биелер де жарысуда..
Сорлылар да жарысуда,
Долларлар да жарысуда.
Тарақандар да жарысуда.
Президенттер де жарысуда.
Жарысуда!
Біреулері
Қызынып жатыр.
Біреулері
Үзігіп жатыр.
Біреулері
Қызығып жатыр...
Басқа біреулердің
Жарыс жолында
Желкелері қиылып,
Мойындары
Үзіліп жатыр!
Енді біреулері
Жолда қалып,
Шаң қабуда.
Енді біреулері
Әйтеуір ілдалап
Жан бағуда...
... Ала шапқын
Сол жарыстардың
Екпінінен құлап,
Аяғына жаншылған
Мына дүние
Зар қағуда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарыстар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жарыстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарыстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарыстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері