Сурет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сурет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 924
Тау бөктері.
Желпиді
Салқын леп бетімді...
... Жасыл шыршалар
Қанаты жиналып
Тауға шаншыған
Алып бір
Қолшатырлар секілді.
Бұлт шықты.
Сәлден кейін-ақ
Дүние қабарып
Түнерердей...
... Жауын басталса,
Дәулер шығып
Тауға шаншылған
Жап-жасыл қолшатырлардың
Жиналған қанаттарын
Жайып кеп жіберердей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері