Әй, опасыз уақыт-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әй, опасыз уақыт-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 612
Күні кеше ғана —
Басына таңертең
Өрмелеп кеткен адам
Кешке бір-ақ түсетін —
Сөйтіп —сусынын! —
Қаталап ішетін, –
Алып бәйтеректің
Ұшар басына салған
Ұядағы
Отаудай-отаудай
Самұрықтың балапандарын
Жұтамын деген,
Мүлде құртамын деген,–
Жуандығы атан түйедей,
Ұзындығы —
Екі арқан бойы —
Айдаһарды,–оғының басы
Бір пұт келетін
Садақпен атып құлататын
Ақыры елін де, жерін де жұбататын
Батырлар туралы
Ертегілерді оқып
Өсіп едім,
Соларға еліктеп
Не бір қиял-ғажайыптарды
Басымнан кешіп едім...
Содан ба,
Мына бір
Күйкі тірлікті
Көре алар емеспін.
Мына бір
Күйкі тірлікке
Көне алар емеспін!
Әй, опасыз уақыт-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әй, опасыз уақыт-ай! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әй, опасыз уақыт-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әй, опасыз уақыт-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әй, опасыз уақыт-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері