Новелла

Бұл бетте «Новелла» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 919
Сәулелер мен
Нұр сіңірген
Кешіп күнді,
Үйдің іргесінде
Тауықтың балапанындай
Үрпиген
Жап-жасыл шырша
Өсіп тұрды...
Қыс түсті.
Суық кірді.
Көкпеңбек мұздардан
Қамал соқты.
Аяз қысты.
Бұрқыраған
Боран соқты.
... Үй иесі
Ертеңіне
Қар аршыды...
Балапандай ғана
Үрпиген
Шыршаны көріп
Жаны ашыды...
Сонан кейін ол
Ас үйге қарай
Асығыс-үсігіс
Ентелеп барды.
Шелек алып кеп
Балапан шыршаға
Төңкере салды.
Көктем шықты.
Айнала түгел
Желпінген
Желік тауыпты...
Үйдің иесі
Шелекті алып тастап ед,
Балапан шырша —
Сол бір қамқорлықтан! —
Тұншығып
Өліп қалыпты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Новелла өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Новелла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Новелла өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Новелла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері