Көктемгі көңіл-күй – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көктемгі көңіл-күй» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1438
Көктем.
Аялдама.
Жалғызбын.
Үміттің
Біреуін көктетіп,
Біреуін жанғыздым.
Жалғызбын.
Келіп ем —
Шөптерде сусылдап
Моншақтай мөлдіреген
Кешіп шықты.
... бір кезде
Тұла бойымнан
Жап – жасыл
Жапырақтар
Өсіп шықты.
Табанымның астынан
Тамырлар таралып
Қара жерге
Сіңіп бара жатты.
Бір қапталымда
Алатау,
Бір қапталымда
Қаратау,
Бір қапталымда
Алтай тау,
Ал алдымда
Маңғыстау,
Көкшетауды көтерген
Дала жатты.
Қозғалсам —
Жапырақтарым
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Саумал самалдар
Желпіп-желпіп өтеді.
Айқай, көктем-ай,–
Шуаққа шомылып
Маужыраған қалпында
Аспады да саспады.
... мені бір
Жапырағы төгілген
Ағаш деп ойлаған
Бір топ құстар
Жапырлап
Кеудеме қонып
Ұя сала бастады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі көңіл-күй өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі көңіл-күй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемгі көңіл-күй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі көңіл-күй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері