Қақса бұлбұл таңдайын

Бұл бетте «Қақса бұлбұл таңдайын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 531
Аласапыран қар кетіп
Қыр қарсы алса көктемін,
Теректі жел тербетіп,
Жылыта түсер көкте күн.
Дала шешіп ақ тонын,
Тау бүйірі бу атып,
Бұлақтар толқын төккенін
Көрсең шыңнан құлатып,—
Тас емшегін бұлт еміп
Керілер кербез Алатау,
Тұрғандай-ақ тіркеліп
Төбесі күміс қарлы отау...
Алма бағы Алматы
Арайлана тұрса бір,
Ақ көбелек қанаты
Секілді — әсем жарса гүл...
Жаздың әнші қонағы
Қақса бұлбұл таңдайын,—
Көкейіме қонады,—
Менің де, тәтті талай үн...

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қақса бұлбұл таңдайын өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қақса бұлбұл таңдайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қақса бұлбұл таңдайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қақса бұлбұл таңдайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері