Өлең, жыр, ақындар

Қара теңіз

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 877
Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.
Таудың биік оқ шыңы
Бұлт қанатын игендей,
Екі иыққа топшылы
Қара бурка кигендей! –
Қарайды кеп түксиіп,
Қабақ түйе биіктен,
Суға, тауға тіксініп
Отырмын көз тігіп мен.
Бесігіне көк теңіз
Толқындарын бөлеген,
Теңізді жыр етсеңіз,
Мұның өзі көп өлең.
Бірде түптеп дем алып,
Соғып теңіз бүйірін,
Бірде тоқсан толғанып
Қуып толқын үйірін, –
Қаптайды көк жойқыны
Маған қарай аққандай
Бүкіл теңіз толқыны
Көшіп келе жатқандай!..
Туғам мен де толқыннан,
Көшсең, көшіп кел, толқын!
Жүрегіме бұлқынған
Өлең болып ен, толқын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айрылу

  • 0
  • 0

Тым-ақ қиын айрылысу, жас жұтқан
Енді қайтіп көріспейтін болғасын.
Жер бетінде махаббат пен достықтан
Тауып едік ғазиз жанның қазынасын.

Толық

Днепрде

  • 0
  • 0

Кемесінде Горькийдің
Жүздім бойлап Днепр,
Сұлу өзен көркін бір
Керіп достар бірге отыр.

Толық

Биіктің түбі төменде

  • 0
  • 0

Мен, биіктен төменге
Көз тіксем жай шарқ ұрмай,
Биіктің түбі төменде
Дегім келед алтындай.

Толық

Қарап көріңіз