Өлең, жыр, ақындар

Хрустальдар сыңғырлап

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Киіп аппақ дала гүл,
Жігітін бір қыз күтіп
Тұрғандай-ақ, жаңа жыл
Жетті міне мұз кірпік.
Келді самғап жыл жаңа
Қанаты көк сыздыртып,
Тау түстене, қыр қона,
Қырау қабақ, мұз кірпік.
Ақша қардан тіктіріп
Тау басына ақ шатыр,
Келді бейне күттіріп
Сауыт киген жас батыр.
Ақ жаулығын жамылған
Қарлы дала анадай,
Жас батыр жыл сағынған
Келді соған баладай.
Жас жігіттей жана жыл
Ескі жылға қол беріп,
Бақыт күтті жаңа бір
Жасқа кәрі жол беріп.
Жас мейманды қарсы алып
Дастарқанын жайды қыр,
Жастар кетті ән салып,
Жаңғыртқандай тауды бір.
Тілеп сәтті сапарын
Жас маймен жыл жігерлі
Алдымен шаттық бокалын
Өзі тартып жіберді!
Содан кейін сөйледі
Хрустальдер сыңғырлап,
Қыз-бозбала биледі
Шәй көйлектер судырап...
* * *
Ақ кіреуке оранып,
Аясы кең ай далам,
Аппақ қарға боялып
Жатыр жазық айналам...
Жолды боран жатты ұңғып,
Аяз тілі жалаңдап,
Ақша қардан ақ түңдік
Жапты тың жер жаңа аймақ!
Бетін серпе боранның,
Кеуде кере Кереку,
Найза басы Баянның
Болды ілгендей өрге ту.
Көктен күміс қар сауып,
Тұр Көкшетау құз – биік,
Күнді Оқжетпес қарсы алып,
Керілді көл мұз киіп...
Жатыр Көкше шың тауы,
Бүркіт ұшқан көк шеңгел,
Жырдың қызыл сұңқары
Сәкен сүйген сексен кел.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзінді

  • 0
  • 0

Мен жүргем жүрек оты кезде маздар
Анселей жотасында,
Жотаға ақ тентек қыс кигізді ызғар
Қар құйын бұрқасында.

Толық

Ф. Г. ға жауап

  • 0
  • 0

Жоқ, ол черкес қызы емес,
Грузия қырынан
Ондай қыз туған емесеш;
Мұңды Казбек шыңынан.

Толық

Карги гого

  • 0
  • 0

Карги гого, карги гого,
Қарама сен қадалып,
Қара көзің мірдің оғы,
Жүрме жанды жара қып!

Толық

Қарап көріңіз