Өлең, жыр, ақындар

Еділ – Дон

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 968
Жаралғалы дүниеге,
Тұңғыш рет күн көзі,
Көрді жатқан гүлдене
Біз жаңартқан жерді өзі.
Құмар болған ежелден
Біріне бірі Еділ – Дон,
Сорғалап егіз өзеннен
Қосылды толқын төгілген.
Көбігін шашып маржандай
Көк ала бұйра толқындар,
Сүйісті бағы жанғандай,
Дей алмас енді халқым бар!
Орыстың ана аруы,
Айна жүзді – ақ Еділ,
Айбынды еңбек қаруы
Ту тікті жайнап тағы Еділ.
Партияның өзінің
Саясында сол тулар,
Көсемнің басқан ізінің
Сүйді орынын толқындар.
Бес теңіздің бесігі
Секілді, Цимлян тербелді.
Ашылды ырыс есігі,
Сүйсіндірді көргенді.
Бес теңіздің айдыны
Тоғыса жетіп қыратқа,
Толқындарын барлығы
Құйды Сталинградқа.
Теңіздердің бүгінгі
Суындай осы қалаға –
Толқындай жыр да құйылды, –
Қанатын қаға далаға.
Жерснаряд жерді ойып, –
Ағызып суды еспелеп,
Қалды дала бір тойып,
Бетін толқын кестелеп.
Міне, Сталинградтың
Су қоймасы шам жақты.
Сонау жыл... қазған солдаттың
Окобын бүгін гүл жапты...
Шомылдырды шөлейтті
Өзендері ұлы орыс.
Кестесін көкшіл көбейтті,
Көк ала жұмыр глобус.
Жоспарлаған осыны
Жарты ғасыр ілгері
Халықтың Ленин көсемі
Жемісін оның ел көрді.
Сүтіндей адал ананың –
Ақ Еділ мөлдір аққан су,
Көркі болды даланың,
Бір кезде Ленин татқан су.
Партияның қаламы
Картаға тартқан сызықтан
Сорғалап теңіз даланы
Құлпыртты, қалай қызықпан?
Қызығам да мақтанам
Жеңімпаз біздің өмірге
Өмірмен алға тарт қалам
Балқысын жырға темір де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйгеніме

  • 0
  • 0

Көп жылдар сүйдім сені қара кезім,
Таңдаулы гүлді сыйлап бердің езің,
Дегенің:
«Алыс кетсең еске ала жүр!»

Толық

Беті сұлу

  • 0
  • 0

Әйел сүймес кей адам
— Беті сұлу болмаса,
Бетін оның не қылам,
Ниеті сұлу болмаса?!

Толық

Ембі екпіні

  • 0
  • 0

Солқылдаған неге жер?
Жер қозғалған сияқты!
Толқыған толқын топан ба?
Көл қозғалған сияқты!

Толық

Қарап көріңіз