Бер музейге ұршығыңды

Бұл бетте «Бер музейге ұршығыңды» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 566
Әже, деймін! Жіп иірме,
Бер музейге ұршығыңды,
Кілем тоқып жүрме үйіңде,
Тек шолып жай тұршы өмірді.
Киімді де, кілемді де
Өзі тоқып химия қыз,
Әзі өнерден үйренді де
Бізге нәрін құйды нағыз.
Өмір сізді күтеді өзі,
Түбіт түтіп қиналмаңыз,
Түбітті де түтеді өзі
Нәзік саусақ химия қыз.
Немереңе бесікті де
Істеп беред химия қыз,
Бұл ғажапты есіттін бе,
Мұның өзі қызық аңыз...
Әже, деймін! Жіп иірме,
Бер музейге ұршығыңды!
Кілем тоқып жүрме үйіңде,
Тек, шолып жай тұршы өмірді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бер музейге ұршығыңды өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бер музейге ұршығыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бер музейге ұршығыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бер музейге ұршығыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері