Қырда тұр бір қызық үй

Бұл бетте «Қырда тұр бір қызық үй» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 990
Қырда тұр бір қызық үй
Күн көзіне шағыла.
Емес ескі киіз үй
Туды ол нейлон жамыла.
Түнгі аппақ ай түсті,
Нейлонды әсем шаңырақ,
Кереге де нақысты
Оюлар тұр сән құрап.
Қошқар мүйіз көрікті –
Кестесіне ел айғақпын,
Салған әуес көріп тым
Мүйізін де сайғақтың...
Бәлкім, содан шыққан-ды,
Бір тармағы суреттің,
Ойым соны құптады,
Оны айтпақшы мін деп кім?!
Жайлауға құт құйыпты
Жаңалық та, сұлулық,
Терезені, уықты
Синтетика сұлу қып.
Бұрын желден қалтырап
Құрым үйлер желпілдеп
Тұрса, – түйеге артып ап
Көшуші едік күн-түндеп...
Қалды ол ағаш кереге,
Химиялы үй тудырдық.
Қалды киіз дөдеге,
Қалды құрым туырлық.
Бүркіт көкте нүктедей
Ұшса кезіп қыр-қия,
Құла түзге бөктерлей
Келді үй тігіп химия.
Елге қонып құт жаңа,
Асты асуға жұртымыз,
Жасалуда шыт-жаңа
Химиядан мүлкіміз.
Өрінде ылғи өмірдің
Өрге аса күш тасып,
Өнері есті елімнің
Космоспен де ұштасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырда тұр бір қызық үй өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қырда тұр бір қызық үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырда тұр бір қызық үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырда тұр бір қызық үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері