Уай, жаным – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Уай, жаным» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 5253
Уай, жаным, дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.
Көп жүрген қара жолмен қадам бассаң,
Кім саған зорлық етер талап-тонап.
Отқа күй, оққа байлан, адалды тап,
Киген тәж, мінген тағың болсын сол-ақ.
Күнің бұл іс ететін орның осы,
Мұнда бақ, мұнда дәклет, мұнда зор ат...
Қорқасың, аяқ басып аттамайсың,
Алғасын алды-артыңды жылан орап.
Орынсыз орға түссең, көпен бірсің,
Тіл алсаң, тек жатпауың деймін жол-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уай, жаным өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Уай, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уай, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Дөнентаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уай, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері