Өлең, жыр, ақындар

Мен Октябрь ұлымын

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 541
Қараңғы ащы тұрмыстан,
Қиындық көріп ығысқан,
Құл боп, күң боп жалынып,
Бай табына туыстан.
Тұрғанда қор боп, Октябрь
Таңы атқан шығыстан.
Мен Октябрь ұлымын.
Борсық қысып жанымды,
Сүліктей сорып қанымды,
Тек мен емес езді ғой,
Еңбекші, жалшы табымды,
Табыммен мені теңелткен
Октябрь атқан таңымды,
Мен Октябрь ұлымын.
Екпінді еңбек дуым бар,
Жер жаңғыртқан шуым бар,
Атқан оққа құламас,
Қырмызы қызыл туым бар,
Күлкім күндей, бұрқансам
— Тас балқытар буым бар.
Мен Октябрь ұлымын.
Нашарды бұрын көретін
Қолым ұшын беретін;
Коммунизм ұрығын
Еңбекші елге себетін,
Кедейшіл коминтерннің
Туы астында жүретін,
Мен Октябрь ұлымын.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарағаш

  • 0
  • 0

Қара боран өтінде
Тұрған мынау қай ағаш? —
Десем,— тоғай шетінде
Қайыспайтын қарағаш.

Толық

Ұйғыннан

  • 0
  • 0

Толқынды кәрі тарих ізінен мен
Қанға ұқсас қызыл гүл, шешек тердім.
Шабыт алып қыз көктем жүзінен мен
Жаздым жыр. Бар асылымды елге бердім.

Толық

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Қаршадай-ақ жас
Құрыштың қолымда
Кітап ашық, қағаз-қалам оңында.
Жоқ ед тіпті қараша үйдің базары,

Толық

Қарап көріңіз