Әлемге ана – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Әлемге ана» атты Тайыр Жароков жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1160
Әлемге ана, төсін керген кәрі жер,
Жалаңаш қар, әппақ тәнін қыста көр.
Жылт-жылт... жұлдыз толған алтын моншақ па
Аспан-көктей қалпағына тізгендер.
Кейісе түн, қуанса күн жарқырап,
Емшегі тау, сүті бұлақ сарқырап;
Күлгені таң; сылдыр-сылдыр шолпысы
— Гүл жапырақ сылдырлаған қалтырап.
Ана әлемді бауырынан асырап,
Алтын, күміс, кені шыққан шашырап,
Без емшектен шымшып алтын көніп ап,
Жердің ері жұмыскер күш асырады.
Еңбек иесі жұмысшы тап құшаққа ап,
Жер шарына теңдік туын тұр сақтап,
Бақыт шашып жер бауырын балқытып,
Мәңгі құшпақ — шеңберінен құшақтап.
Таптың ері талмай таптық жолды ақтап,
Жер шарына теңдік бақыт орнатпақ.
Серпілдіріп жерден қара тұманды,
Таңның ерке, алтын бұлтын ойнатпақ.

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемге ана өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Әлемге ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлемге ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әлемге ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері