Бұлбұл құс

Бұл бетте «Бұлбұл құс» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1038
Қаршадай-ақ жас
Құрыштың қолымда
Кітап ашық, қағаз-қалам оңында.
Жоқ ед тіпті қараша үйдің базары,
Қодарқұлдың Құрыштайы жоғында;
Құрыш туды, оннан асты ой кірді,
Кітап оқып, хат таныған оңында.
Кітап түспейді, балдырғанның қолынан,
Қодар өзі қара жұмыс соңында,
— Қорыс қылып, жердің жонын жосылтып,
Түркістанның — Сібір темір жолында.
..Қолда кітап Құрыш отыр бақшада,
Төсін сүйеді, көк жасыл гүл жатса да.
Бұлбұл сайрап, гүлдер жайнап, қызғалдақ
Басын жарып, зеңгір шешек атса да;
Жанын жайқып көкейіне күй құйып,
Сынаптай су сылдыр-сылдыр ақса да,
Құрыштайдың көк жібек шөп қытықтап,
Алаңдамайды... мойнын сүйіп жатса да...
Сары алтынды кеш сырына мас болып,
Оқып отыр күн жиекке батса да...
Сенде білім, сенде құрыш еңбек күш.
Маужыраған нұрын құйып алтын кеш.
Бақшадағы сені сәулем құттықтап,
Әнін нәзік сорғалатты бұлбұл құс.
Кең ашылды саған білім есігі,
Секілдісің сен бұлбұл құс, жас құрыш...
Миллиондаған мұндай жалшы ұлдары,
Алды атқан таңнан ғана кең тыныс.
Мәдениет шолпаны боп шыңда ойнап,
Теңдік құсы, еңбекші ұлан көкке ұш!

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлбұл құс өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бұлбұл құс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлбұл құс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлбұл құс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері