Өлең, жыр, ақындар

Өз-өзіме

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 6557
Аз білімін шығара алмай майданға,
Көп білімді жинап алшмай қайранда.
Білмек түгіл білгенінен айырылып,
Қалды жүрек опыр-топыр ойранда.
Қырқылғыр тіл қыртқаныңнан пайда кем,
Бітіп қуат, бақ маңдайдан тайғанда .
Шайпау болсаң, өгей әкең жақтырмас,
Қой белдікті, жорғала да маймаңда.
Мезгіл-мезгіл айып жүрек тартасың,
Қайтарусыз, ежелгі ескі тайраңға.
Кімнің алған мәңгілікке шені бар,
Азулы боп, атақтарын жайғанда?
Қолың жетпей, өскір өмір құр бекер,
Ен далада еркін өскен сайранға.
Көздің жасын көретін жан болмай тұр,
Еткен зарың, түкке тұрмай айлаң да.
Тырп еткенің сатулы боп заман тұр,
Кедейден іс қарас болмай байдан да.
Қолды сыбан, іске кіріс алла деп,
Өзіңді өзің жырмен аулап жайланба!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз-өзіме өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Өз-өзіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өз-өзіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Дөнентаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз-өзіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері