Жаңа жыл

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Тайыр Жароков жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 932
Шаттығымен жаңа жылдың
Тан самалы соғып желдің,
Ұрып сағат он екіні,
Қуып жаңа аша да келді,
Тереземді қағып менің.
Қуат алып өмір таңнан,
Жыл айнала жер айналған.
Құттықтаймын, жаңа жылым,
Шашып күннің алтын нұрын,
Шықсын қысқы көк тұманнан
Көк дүниесі алтынданды,
Шашты меруерт жұлдыздарды,
Көркінен де көк жүзінің
Кремльдің жұлдызының
Жарығы артық рубиналы.
Шалқар көлім, зеңгір тауым.
Шаттаныңқы тұрған шағың.
Жердің құтты көріп бағын,
Малды жайып, егіс дәнін
Шашты аялы алақаным!

1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыл өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері