Көңіл мен тіл – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Көңіл мен тіл» атты Сәбит Дөнентаев жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7280
Көңіл мен тіл
Тіл - көңілдің тілмашы,
Көңілдің жоқ сырласы.
Тілмашыңды оң жұмсап,
Теріске, көңілім, бұрмашы.
Айтқанын қып қожаныңның,
Тілім қарап тұрмашы!
Аңғырттанып беталды,
Масқара мені қылмашы,
Тым құқтыртпай тия ұста,
Тілмашыңды, мырзасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері