Ленин шамы

Бұл бетте «Ленин шамы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1036
Көңілді шадыман топқа шаршыдағы,
Кеудемнен неше алуан ән шығады.
Жарқ етіп атқан таңдай ауылымда
Жайнады ұлы Ленин шам-шырағы.
Ұшқындай шақпақ тасты шағып алған
Білтелі шам жоқ ескі сығырайған,
Алғандай алтын айды алақанға,—
Әр үйде ұлы Ленин шамы жанған.
Қуатын асау өзен арқыраған
Бұрқанған қайратымен халқым алған.
Колхозда коммунизм жұлдызындай
Лениннің шам-шырағы жарқыраған.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин шамы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ленин шамы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин шамы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин шамы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері