Қылмысты
(Повесть)
1829
«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?
Далада емен түбінде,
Көңілін ер жігіттің
Көтересің бүгіп де».
— Қартайып әкем келді де,
Алды екінші әйелді,
Ол жас сұлу реңді,
Әкем асқан бай еді...
Беленнен талай жасы асты,
Қанатты сұңқар қартайса,
Құшқысы келер бір жасты,
Не істеуге білмей, жар тайса,
Өкініш етер соңынан,
Опық жеп үміт жалтарса.
Жұбайын сұңқар аймалап,
Жұбайы оны сыйлап-ақ
Еркелі назбен сыланып,
Ұйқысын бұзбай тұр қарап,
Бірақ, көріп басқаны
Кәрі емес, сүйіп жас жанды,
Соған кенет нәпсі ауып,
Бірінші күні-ақ түн ауған,
Аулақ ешбір кінәден
Еркегін естен таңғызып,
Көзін шұқып, ағызып,
Кететін ұшып ұядан.
Ұмытпай той-думанды,
Алтындай мөлдір шарапты,
Толтырып ішкен аяқты
Қанымды бір кез қайнатты.
Тізесіне бас қойып,—
Тыныстап,— өгей анамның,
Екеуміз бірдей қас болдық,
Әкеме түнде талай күн.
Аймалады ол кешінде,
Отты назын жұттым мен,
Құмарлы ыстық түндері,
Айбарлы қарғыс үндері,
Әлі күнге есімде.
Ызалы көз жас тектім мен!..
Тәңіріге аян: ол сүйді,
Я, көлгірсіп жүрді ме,
Жұбатты мұңды ой, сырды,
Қастыққа білек түрді ме?
Сүйкімді болдым,— деді ме
Ғашыққа құмар лебі от?
Әйел жанын кім ұққан,
Мұхиттай терең шегі жоқ!..
Сағат жетіп, күн өтіп,
Күнәлы жастық тұрмыста,
Дар күткендей дір етіп,
Ұшырадым қарғысқа.
Мойын ұсындым амалсыз,—
Үйді тастап қашуға,
Ар, намысты аяусыз,
Сүюді де қаяусыз
Ұятты жерге бастым да.
Әкем мінер ашуға —
Зығырданы қайнар әм
Мен бет бұрдым қашуға,
Ытқи шыға ауладан,
Кеттім қашып, асуға
Жапа-жалғыз, жап - жалаң.
Ен, соңғы рет қарадым,
Қалғандай ессіз адыра
Биік үйге, қораға
Тұнжырап, ессіз төзе алмай,
Тіледім күннің күркірін,
Өртесе екен нажағай
Қалдырмай үйдің бір түгін!—
Дедім мен тағы сол тұрған,
Достармен сан отырған
Столым да өртенсін
Рақатқа жүзіп, құлпырған
Өртенсе екен тағы да
Жар жағасы жоталы,
Рақымсыз әкемнің
Зымиян ақ шаш, сақалы.
Өртенсе тағы, тағы, тағы тез
Дүниеден асқан сұлу көз.
Жас торғын төс, ақ иық,
Тәтті ләззат тұңғиық,
Ем қонбас ерін бал лебіз.
Өртесе жасыл аллеяда,
Сұлумен жатқан көлдерді,
Бой балқып өгей шешеммен
Аймаласқан жерлерді!..
Қуылған мені,— орманда
Қос жаһат алды қолына,
Біреуі: наразы үкіметке,—
Саудагер, жылпос, судья;
Бірі іскері Аронның,
Жақтағыш ескі заңды да
Алмас саттым салғаннан,—
Мен қуылғам бишара,
Бақ іздедім жалғаннан
Қаңғыбас болдым не шара,
Ұруға пысық болсам да,
Мұңды, сараң ақшаға,
Сүюге тіпті жуықпын,
Сенбеймін жұртқа, тұйықпын,
Сұраса біреу бірдеме,
Перісіндей тамұқтың
Қасара қалам тұнып тым.
Көңілсіз кешпен, я, түннен
Шықтық жолға тоспашы,
Келеді алыс бір елден
Үш ат жеккен почташы,
Кенет, мылтық гүрс етті,
Көк қорғасын суылдап,
Мүлт кетпесін көрсетті,
Тиген жерін шығындап!..
Быт-шыт болып беттері,
Жәмшік оқтан құлаған,
Жеткізбес қуса аттары,
Кетті асып орманнан.
Шүбәлі жүзі қуара
Көкке ақырын ай батты,
Жолға таяу арада
Оққа ұшқан жан жатты.
Сұмдық екен, ойпырым-ай!
Айтып та не керегі,
Көзін жуа қан толған,
Жан шошырлық реңі.
Үңіліп мен қарадым
Өте беріп қасынан,
Жүзі таныс бір адам,
Көрінді айдың астынан.
Танырмын ба? Тәңірім!..
Таныдым...,
Кімді таныдым?—
Кім, бұл өлген өткінші,
Кімге мола қазылған?
Ойпырым-ай, бөтен!—дейінші,
Ақ шаштан қан ағызған!..
Әкем ғой!.. деп бұл жазған...
Талықсып жерге құладым.
Есімді жиған кезімде
Үнді бір шыққан тыңдадым,
Есіттім жаһат сөзін де...
Қарасам: салқын төбеде
Жатыр балта, бір күрек,
Байлаулы мықтап еменге
Аттар да тұр бір бөлек.
Жылмаң қағып қос жаһат
От алдында отырды.
Отырды да ақшалай
Санады сары алтынды
Күндерден күн өткенде
Суға сүңгіп жолдасым,
Су түбіне кеткенде
Білдім істің оңбасын.
Ешкім қабыл алмады,
Сия алмадық еш жанға,
Қуды қайда барса да
Екінші жаһутты бұл маңда.
Ұйқы мен күлкі ұмыт боп,
Жасырындық орманға,
Қауіпсіз ұйықтай алмадық,
Түстік тағы түрлі ойға:
Айдау, жаза түске еніп,
Мойынға бұғау орала
Барғандаймыз біз дарға.
Қаржы бітті күн көрер,
Жүре алмадық тайраңдап,
Мырзалардың үйлерін
Өртемек болдық ойрандап,
Өрт ішінде жанталас
Жүргіміз келді сайраңдап!
Өршіген өрттің ішінде,
Көкала жалын күшінде,
Менің туған үйім де,
Өртеніп от кешкендей,
Қалтырап жаным қалмады,
Төбемнен жай түскендей!
Қарасам: жаһут келеді
Аруды сүйреп алқынған,
Алтындай жібек бұрымы,
Беті де отқа шарпылған!..
Жас толы әйел көз оты
Озбырға оқтай атылған...
Естімедім еркектің
Қорқытқам зекіп жанжалын,
Әйелдің де көрмеппін
Жалынған жылап жанарын,
Көрдім, тек анау төсіне
Сұғылған қанды қанжарын!
Ойпырым-ай, сонша дірілдеп,
Сұлудың аппақ тізесі
Шүберек боп ажары,
Ауып кеткен мүлде есі...
Саусағы қанға боялып,
Әйелдің де көрмеппін
Жалынған жылап жанарын,
Көрдім, тек анау төсіне
Сұғылған қанды қанжарын!
Ойпырым-ай, сонда дірілдеп
Сұлудың аппақ тізесі
Шүберек боп ажары,
Ауып кеткен мүлде есі...
Саусағы қанға боялып,
Сөз айта алмай еріні,
Атылып жатыр аузынан
Көпіріп көкшіл көбігі.
Ну жаза кестім мен
Сол жылы көктем айында,
Бұтағына қарағай
Астым оны аямай,
Қарғаларға жем қыла.
Құтылдым бір жыл азаптан
Еске алсам сол кезімді:
Туып ескен таулармен,
Өзен, дала, орманмен
Жасымнан таныс жерімді
Әдейі барып көргем - ді,
Қарасам шолып со жерді:
Өлген бір жан сүйегі
Қыршынынан қиылған,
Қарағайға буылған,
Көзіне құм құйылған,
Жұлып жеп жүр қол етін •
Қарға, құзғын жиылған...
Жыл артынан жыл озып,
Құстай ұшып жастық шақ,
Сезім сүйгіш жүректің
Қуанышы сеніп қап,—
Көңілде үнсіз қалды тек
Толқытқан қуат жалындап.
Бақытсыз сорлы өмірден
Суыған ойды сезіндік,
Тілегім алтын еркіндік
Сақтадым соны - ақ беркітіп,
Бәрінен де аулақпын,
Бәріне де мен жоқпын;
Тұтанар кәрі денеде от,
Еркіндік үшін керемет
Достармен бірге отырып,
Құярмын шарап толтырып!
Қызық думан жас шақты —
Сүйіп ашық құшақты,
Сақ-сақ күліп столға
Шаншармын қанды пышақты!..
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі