Егіс дастаны
- 0
- 0
Жасампаздық шығады шын тектіден,
Танап – парақ, қаламдарың көк түрен:
Тебіреніп жүрген осы сәтіңде,
Диқан, сені дарынды ақын деп білем.
Бұл бетте «Өмір сүр» атты muratovalyazzat жазған өмір туралы өлең берілген.
muratovalyazzat — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Жасампаздық шығады шын тектіден,
Танап – парақ, қаламдарың көк түрен:
Тебіреніп жүрген осы сәтіңде,
Диқан, сені дарынды ақын деп білем.
Салып бір сыршыл сарынға,
Сусылдап қондың қалыңға;
Сағынып туған өлкені,
Айдынды аңсағаның ба?
Арала дала көрмесін,
Өмірден бір сәт түңілсең;
Қозғаған көңіл пернесін,
Сыр қанша көлге үңілсең.
Ардақты дос, Айнакөлде болып па ең,
Көл бетіне көз жіберіп көріп пе ең?
Жұмбақтасқа қарап па едің – сымбат тас,
Көздің жауын алған ғажап көрікпе...
Көкшенің көлге тұнған даласында,
Көз алдың көрме десем, нанасың ба?!
Сексен көл сексен қаздай саңқылдаса,
Айнакөл – аққу сынды арасында!
Өреніңе өнеге боп о баста-ақ,
Толқындарың көрмеген-ау, толастап.
Құлагердей құйрық атып құйғытқан,
Көк айдында көп толқының өр, асқақ.
Алма
Супер!