Қазақ. Ту. Сәлемдеме

Бұл бетте «Қазақ. Ту. Сәлемдеме» атты Ұларбек Нұрғалымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1169
Ағамның содыр ұлы бар еді,
Алтайда қалған ауылда.
«Ерлігін» естіп отырам әлі,
Тілдессем аға-бауырға.

Мектептен қайтқан «батырлар» жолда,
Тентектігіне басатын.
Қытай балалар,
қырғиқабақ боп,
Қырылысып кеп жататын.

Қырда өскен мығым, біртоға бала,
Төбелес десе түрленер.
Сол «жігіт» екен Оспан батырдың,
Рөлін сомдап жүрген ер.

Өткенде соның бір сөзін естіп,
Тоқ жүріп өтті денемде.
«Қазақстанның туы бар шәпкі
ап келсін" -депті келерде.

Төртінші сынып оқитын бала,
Мың тәтті қиял ойында…
Келген-кеткеннен естіп жүрген ғой,
Қазақтың елі жайында.


Қилы да қилы ойларға батам,
Оңаша жерде отырып.
Мектепте өткен балалық кезді,
Қайта бір бастан кешіріп…


Қаптаған қытай балаларымен,
Тең тұрып өмір сүрмекке,
Көк туды қойып маңдай тұсына,
Айбар ғып соны жүрмек пе?!.

Илеуге түскен инелік сынды,
Тағдыры көңіл жасытар.
Көк туға қарап ұлыған рухы,
Кеңсірікті удай ашытар…

Өткеніндегі өрлігін айтсам,
Іштегі шерді қозғай ма!
Ұлы бабалар Ұлықорғанды,
Уыстап тұрған кез қайда?!

Алдында оның алты басы бар,
Айдаһар сұлап жатса да,
Жұмыр жүрегі құл болмап еді-ау,
Құдайыңыздан басқаға.

Алаң да алаң күй кешем қазір,
Не болар екен ғұмырың.
Қазақстанның туы бар шәпкі
Сұратып жүрген құлыным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ. Ту. Сәлемдеме өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Нұрғалымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақ. Ту. Сәлемдеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ. Ту. Сәлемдеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Нұрғалымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ. Ту. Сәлемдеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері