Сардарлар

Бұл бетте «Сардарлар» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 883
Сана "қартым" әдетін қоя алмады
Маза бермей түрткілеп... "оян, кәні".
Қара жусан қаншама өртенсе де,
Қасиетін жусандық жоя алмады.
Сан ғасырдың түк болмай өктемдігі,
Жерді жарып тіршілік жеткен міні.
Көк балауса қылтиып келе жатыр
Алла нұрын аспаннан төккен күні.
Өз хауызын әр тірлік, өксейді екен,
Өз тамыры нәр берген өшпеді екен.
Өмір сүрген сардарлар, шыбын жанын
Қисам елге, деп қана, өшпей бөтен.
Олар кімдер? Сананы ояталық,
Тірлік қамын бір күнге қоя салып.
Еркек безін, солар ғой, ер тоқымы
Қажағанда , жүргендер, тоят алып.
Солар еді, жан қиған жаушы болып,
Солар еді, ар қуған даушы болып.
Солар, "Сардар" — бақаны шаңырақтың,
Солар, шыққан елінің даусы болып.
Сардар жаны берілмес босқа кекке,
Қарындасқа жатпайды өкпелеп те.
Ары үшін жұртының өзі емес,
Нағыз Сардар шығатын жекпе-жекке.
Міне сала тектілер тұлпарына,
Айналсам ба самғайтын сұңқарына!
Тәнді баптап жүргенше жанды сақтап,
Сардарларша көз салсам Жер шарына.
Кейде қызық, беймаза, бір түрлі адам,
Түрткілейді бір сезім түр-тұрлаған.
Есем кетіп қалғандай, біреулерге,
Сипап қоям жағамды жыртылмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сардарлар өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сардарлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сардарлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сардарлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері