Ит жүгіртіп аң аулау
I
Байдың бақташы әне бағып жүр,
Кейде, есінеп, тоқылдағын қағып жүр.
Күздің желі лебін мұңайып жай есілген,
Кек пен қиыр қырға күңгірт түсірген.
Жел мұңайып бұлтты ысырып көгінен,
Жерде жапырақ аянышты күңіренген...
Мырза оянып, төсегінен жалма-жан,
Киінгенде мүйіз дабыл қағылған.
Ұйқылы-ояу Гришка мен Валя да
Тұрды үй іші, бесіктегі бала да.
Қалтыраған фонардан да сәл жарық
Түсті, итшінің көлеңкесі ұзарып.
Айқай-ұйқай! Кілт ашылып сыңғырлап,
Тот басқан кіл шынжырлар да шылдырлап.
Шығарып тез суарды әне аттарды,
Ертте шапшаң енді күтіп жатпайды.
Көк венгерка, қоян қолғап илеген,
Баста шошақ бөрік бұрын көрмеген.
Күтушілер келді есікке жетіп те,
Қызық қарап тұрса жігіт жігітке!
Тозса дағы қалмай тамтық ұлтаннан,
Үстін жамап тіккен тоны қымтаған;
Іші кеуіп жүрсе дағы кежеден,
Ер-тоқымын жарқылдатып безеген.
Ат керемет, екі үйір ит тобы,
Шеркеш, белбеу, бар шыбыртқы, шпоры,
Помещик тұр картозын ап үйіріп,
Үндеместен бурыл мұртын шиырып;
Түсі суық, киген киім қолайлы,
Үндеместен төңірекке қарайды.
Тыңдайды үлкен сөзді баяндамадан,
«Змейка өлді, қырғын дабыл қағылған,
Сұңқар құтырып, қандыра да мертілген –
Қарап «Нахал» итіне кеп еңкейген.
«Нахалдағы» басылмастан күйігін,
Шалқасынан жатып былғайд құйрығын.
II
Әдетінше, шапшаңырақ аяңдап,
Сай-саламен келеді аңшы жалаңдап.
Таң да атты, өтіп барад селодан,
Кекке түтін көрінді ұшып шұбалған.
Ызы-қиқы малды ертемен өргізген,
Қорық жерге бастырмай дәл жүргізген.
Терезеден қатын-қалаш қарайды,
«Итті қара!» деп балалар шулайды...
Көтерілді тауға жайлап аңшылар,
Ашылды алдан жазық дала, биік жар:
Таудан төмен аққан өзен құлдырап,
Қырау басқан тұр көк дала жылтырап.
Онан әрі сәл ақшылдау көрінген, –
Таңның атқан нұрына орман бөленген.
Аңшылар да қарсы алды ашып кеудесін,
Таңның жарқын қызыл шапақ сәулесін.
Табиғаттың суретінен таңдағы
Ләззәт алмай жалғызы да қалмады.
«Бытыраңдар!» деп помещик бұйырды,
Жұрт жан-жаққа шықты кезіп қиырды.
Иттер тобын басқарушы алдында
Айқайшы еді, тығылды бір аралға.
Құдай оған берген дауыс аямай,
Дабыл қағып басты қатты айғайлай.
Бар айқаймен шақырды иттерді,
«Тап ұрыны, жолын кесіп жет!» дейді.
Бақырады: «Ау, ау, ту, ту, аңда-лап»
Міні тапты, түсті ізіне анталап.
Қара терге шомылды жұрт бұрқырап,
Қызығына помещик те тұр қарап.
Шаттық кернеп кеудесінде тұрысы,
Әдемі үнге қанып құлақ құрышы!
Салық бермей опикундық советке –
Жүргендерді етпейді ешкім керек те!
Қарағанда сонша сұлу бұл үнге,
Россияң, Бетховеннің немене!?
III
Ит қыңсылап, шықты шаң-шұң маңайдан, –
Ытқыды әне әккі болған сұр қоян!
Қиқу салып помещик те қосылды,
Помещикке қызығы да осы еді.
Өзенге де, орға, құзға қарамай,
Шапты, басы кетсе дағы аянбай!
Үлкен қимыл кетті билеп тым күшті.
Зор думанға ащы дауыс тоғысты.
Екі көзі ұшқын атып, нұр жанып, –
Көрінді оған бұл бір қызық ғажайып!
Қауібі жоқ, кеткен аңға ықылас,
Миллионға да сатып мұны ала алмас!
Бір желігіп алғаннан соң қайтпайды,
Өлсін, өшсін ат басын да тартпайды.
Өлсін, жеңсін (дауыл тұрсын, бірақ та,
Қайту қайда славяндық қалыпқа?)
Шаршап қоян өліп-өшті қалжырап,
Ерді құшып, помещик те тұр жылап.
Ұсталған аң жаны қалмай шыңғырды,
Бұлқынды да, қас қаққанша жан берді.
Масаттанып сәтіне бұл думанның,
Сүртті аспабын құйрығымен қоянның.
Үнсіз, сонсоң еңкейіп ол қараған,
Мойнына аттың терге боялған.
IV
Көп қырды аңды, ат сабылтып көп шапты,
Сайдан сайға ит жүгіртіп шаршатты.
Бір кезде екі ит Сверив пен сұм Терзай,
Қойға шапты, шаң-шұң ұрыс шықты айғай.
Тағы да екі ит Угар менен Замашка,
Тістеп, талан бір қойға кеп жармасты.
Мырза, саба деп бұйырды тез итті,
Ашуланып, қаһарланып сөз айтты.
– Төбет иттер тістеп, қауып қалжаққа
Көнбей қашып кетті жан-жаққа.
Шығынданған қойшы жатыр өкіріп,
Біреу орман жақта айқайлайд жекіріп.
Мырза ақырды деп: «үндеме, хайуандар!»
Шын ашынған бала-шаға не тыңдар.
Қызып мырза, шауып шуға жүгірді,
Қорқып мұжық аяғына жығылды.
Мырза кетті, мұжық тұрды қағынып,
Боқтап еді, мырза оралды шабынып,
Мырза қамшы үйіргенде айғайлап,
Бір барк етті,
қалды сотқар «ойбайлап!»
Таяқ жеген жігіт көзбенен,
Мырзаны да сөкті зәрлі сөзбенен.
Жүз сабармыз кесіп таяқ еменнен,
Деді қосып малай-салайларыңмен!..
Мырза ашумен есітпеді сөз шетін,
Бір маяға, жеді отырып құс етін.
Тастады итке тек сүйегін сымпиған,
Итшілерге берді ыдысын су құйған.
Су ішіп, итші мұңайып құр қараған,
Аттар жұлып шөп жеп тұрды маядан.
Өлген қоян қан жұққан тек мұрттарын,
Тұрды жалап аш ит ашып ұрттарын.
Дем алып ап, тағы ақын аулайды,
Шауып, қырғын аңды есептеп болмайды.
Соныменен уақыт өтіп үлгерді,
Иттер шаршап, аттары да болдырды.
Қырды жауып көк тұманның шаршысы,
Күннің қызыл батып көкке жартысы.
Бір жағынан шығып жаңа көрінді,
Жансыз айдық ақшыл ғана реңі.
Аттан түсіп, паналап бір маяны,
Итті ақсатып, мүйіз дабыл қағады.
Орман ішін жаңғырта бір қағылған,
Ажарсыз үн шығад мүйіз дабылдан.
Қараңғылық түскенде кең даламен
Үйге қайтқан жүріп сай-саламен,
Кесіп өтер кезде өзеннің батпағын,
Шылбыр созып суарады аттарын.
Арсалақтап аңшы иттері, күшігі
Құлағына шейін суға түседі.
Жылқы үйірін көріп жатқан әр қырда,
Аңшы мінген азынайды айғыр да...
Қоналқаға жетті ақырғы, – түнер күн.
Помещиктің шаттық кернеп жүрегін.
Ұстады ол қоянның да талайын,
Иттерді аң қууына болайын!
Тоғайдағы қорқақ аңды сыпырып,
Үлкен еңбек етті иттер де жұтынып.
Жан аямай жүгірімпаз Нахалым2
Желдей естің, арта берсін атағың!
Ризамын, сида сирақ Пабедке!
Аңды ұстағыш, жарадың сен керекке!
Ризамын, өрен жүйрік аттарға,
Ит бапшысы, сен жарайсың мақтауға!
VI
Қанғанша ішіп, тойғанша жеп армансыз,
Мырза кетті ұйқыға енді алансыз.
Ертең ерте берді оят деп әмірді,
Атпен аңға шығу қызық көрінді.
Жарты әлемді сыйғызғандай уысқа,
Шіреніп кең керілді орыс туысқан!
Біздерде кеп орман тоғай, мың дала,
Біздің туған елде, – тым көп аңдар да!
Бізге, таза кең далада, тыйым жоқ;
Біздің асқан дарқандыққа тою жоқ,
Сонда рахат, кім берілсе думанға,
Сайрандаумен: құмарына қанған ба?
Қартайғанша оты жастық жалынның,
Түкпірінде сақталады жанының.
Қараңғы ойлар кірмей оның жанына,
Рахат тауып үйықтай алмайд жаны да.
Кім ит салып, аң аулайды сүймейді,
Сол өз жанын өшіріп бос күйрейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі