Өлең, жыр, ақындар

Анар

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 982
Асыл сыйы Наманганның күзінің
Асыл жерден жіберілген бұл анар,
Доп-домалақ шардай қызыл өзінің, –
Шоқтай жайнап піскен дәні гүл-жанар!
Ал қызылдау қабығына анардың
Сүйгізе мен тигізгенде бетімді, –
Ғашық жарым аймалата тамағын
Өпкізуге ернін тосқан секілді...
Нарттай қызыл албырап кеп ол тұрса,
Хош исіне шыдай алар дәт қандай!
Анарды екі бөліп тастай отырсаң –
Екі айрылып жер алдында жатқандай.
Батар күннің сәулесімен шағыла,
Тұрар ма ол мың құлпырып жайнамай,
Қас қаққанша құбылады тағы да,
Қарсы алдымда тұрған алтын айнадай.
Қан майданның тарабында, түнеріп,
Күркіреген оқ астында мен тұрмын,
Сонда анар айнадайын түрге еніп,
Көрінгенін кез алдыма келтірдім.
Алма бағы құлпырғанын көремін
Айлы түні гүліне шық түскенде,
Ал қызыл гүл желегін жел үреді,
Ферғананың өзендері үстінде...
Өз ізімді көріп шыққан аңғардым, –
Қырымның да басып өткен жарларын,
Памирдың да елестетем тауларын,
Мәңгі ұйқыда жатқан оның қарларын.
Алтын тайга, Амурдың да өзенін,
Іленің көк толқындарын ойнаған,
Кремльдің рубиналы жұлдызын
Көремін мен күні-түні жайнаған.
Бұл суреттер дәндерінен анардың,
Көрінгендей болды бейне айнадан...
Мен аттанам! Жауымнан кек аламын,
Мен аттанам! Әмір етті зор майдан.
О, анарым! – Сенде ғажап күш бар-ды,
Күші маған қуат берді анардың!
Қызыл шоққа өртегендей дұшпанды!
Сен отты кек жұлдызына айналдың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жапанда жалғыз қарағай

  • 0
  • 0

Көз ұшында көгеріп
Жапанда жалғыз қарағай,
Түр түнеріп не көріп,
Жан-жағына қарамай?!

Толық

Жазғы кеш

  • 0
  • 0

Жазғы кеш. Комбайнды қырманына
Қойды да бетін жігіт бұрды ауылға,
Есілдің көк толқынын көзбен шолып,
Шалғайда сүйген қызы келді ойына...

Толық

Есімде Еділдің көк толқындары

  • 0
  • 0

Сонау кез сәуір шыға Сибирьдегі,
Көктемнің самалын ел сіміргені —
Есімде, Еділдің көк толқындары
Жатты ағып бейне өмірден сыр білгелі.

Толық

Қарап көріңіз